ToU-дың барлық үш  кампусын арнайы бақылау тобы айналып өтті.

Оған студенттік өкілдер, оның ішінде Павлодар облысы бойынша студенттік омбудсмен Дәурен Шәріпов кірді. Тексерушілерге ЖОО кампустарында тұрудың заманауи жағдайлары көрсетіліп, жатақханаларды жаңғырту жоспарларымен бөлісті.

Қазір студенттерді орналастыру процесі жүріп жатыр. Айта кету керек, Торайғыров университетінде №2 және №3 кампустарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің жайлы тұруына арнайы жабдықталған бөлмелер бар.