Торайғыров университетінде қаржылық сауаттылық бойынша үш күндік семинар өтуде. 
 

 

"AMANAT" партиясы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Мемлекет басшысының "Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты" Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын іске асыру мақсатында "қарызсыз қоғам" партиясының білім беру жобасын қамтуды кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде.

Спикер болып Қаржы және есеп кафедрасының меңгерушісі Алма Мусина сөз сөйледі.
Сондай-ақ, Еуразиялық банк, Отбасы банкі және Халық банкінің өкілдері дәріс оқыды.

-Біздің ЖОО әрқашан білім мен ағарту орталығы болған және болып қала береді. Қаржылық сауаттылық - біз халықты оқытуымыз керек дағдылардың бірі. Жоғары технологиялар мен прогрессивті алаяқтар дәуірінде әр адамда осы дағдылар жиынтығы болуы керек. Біз ынтымақтастыққа қуаныштымыз, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.