ToU-дың барлық үш кампусын арнайы бақылау тобы айналып өтті.

Топқа студенттік өкілдер, оның ішінде Павлодар облысы бойынша студенттік омбудсмен Дәурен Шәріпов кірді. Тексерушілерге ЖОО кампустарында тұрудың заманауи жағдайлары көрсетіліп, жатақханаларды жаңғырту жоспарларымен бөлісті.

 

Әзірге үш кампус бос, кейбір жерлерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  Бір айдан кейін қоныстану басталады. Айта кету керек, Торайғыров университетінде №2 және №3 кампустарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің жайлы тұруы үшін арнайы жабдықталған бөлмелер бар.