Торайғыров университетінің студенті Александр Құрманаев Финляндиядағы халықаралық жарыстарда боччадан Қазақстан құрамасының құрамында үшінші орын алды. 

 

Сонымен қатар ол боччадан Қазақстан чемпионатында бірінші орынды иеленді.

 

- студенттеріміздің арасында осындай жастардың болғаны қуантады. Александр өзіне, өзінің күшіне сенетін мықты жігіт. Болашаққа жоспар құрып, әрдайым оқуға, үйренуге құштар. Алдағы уақытта Александрдың есімін сан рет естіп, мақтан тұтатын сәттер көп болатынына сенімдімін. Себебі, ол – Торайғыров университетінің студенті! - деп атап өтті Еркін Садықов.

 

Айта кетейік, бұған дейін Александр Құрмантаев Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын, сондай-ақ боччеден үздік ойыншы атанды.