Торайғыров университетінің командасы "Антипаракрафт-2024" республикалық крестте жеңімпаз атанды. 

 

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен адамгершілік қағидаттарын қалыптастыру мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің мұрындық болуымен елімізде "Антипаракрафт-2024" республикалық крест өтуде. Ойын түріндегі шараға отандық жоғары оқу орындарының 20 студенттік командасы қатысты.  Павлодар облысының намысын "Антикор LAB" ToU командасы қорғады. 

Команда жарысқа жоғары оқу орнының Комплаенс-қызметінің қатысуымен дайындалды. 

Квест финалы Көкшетау қаласында Уәлиханов университетінің базасында өтті. 

Жастарды, команда кураторлары мен Комплаенс-қызметті лайықты жеңіспен құттықтаймыз!