Тәлімгерлік соңғы жылдары маңызды білім беру үрдісіне айналуда. 2023 жылдың тамызы мен 2024 жылдың қаңтары аралығында Сәулет және құрылыс факультетінде "ToU-дағы тәлімгерлік" пилоттық жобасы сынақтан өтті. 

 

ылыми кеңесте ұсынылған апробация нәтижелері бойынша жобаны жалғастыру туралы шешім қабылданды, оның мақсаты ЖОО-ның жас және жаңа бастаған оқытушыларына олардың кәсіби қалыптасуы мен дамуында қолдау көрсету, сондай-ақ университетте сапалы кадрлық резервті қалыптастыру болып табылады.

Қазіргі уақытта "ToU-дағы тәлімгерлік" жобасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінде жүзеге асырылуда.
Бүгін оқытушы-тағылымдамашы Айдана Бейсембаеваның (тәлімгер – профессор Құралай Исаева, "Биотехнология"кафедрасының меңгерушісі) ашық сабағы өтті. Ашық сабаққа шақырылғандардың барлығы ТПП-302 тобының студенттерінің практикалық сабақтағы жұмысына жоғары баға берді. 

Жобаға қатысушыларды әдістемелік сүйемелдеу мен қашықтықтан коммуникацияға "Тұлғалық даму және білім беру" кафедрасының докторанты Бақытжан Оспанова жетекшілік етеді.
HR-қызметінің басшысы Анар Жәкішева Ғылыми кеңестің шешімі бойынша жоба басқа факультеттерде де жалғасатынын атап өтті.

Жоба жетекшісі профессор, сертификатталған жаттықтырушы Тина Маняпованың пікірінше, тәлімгерлік кеңістігін жеке ЖОО-да ғана емес, сонымен қатар ЖОО аралық және кеңірек-еларалық форматта да кеңейтуге болады.