Торайғыров университетінде Павлодар облысының фермерлеріне арналған "Картоп және көкөніс дақылдарының нематодтары: диагностика және күрес шаралары" атты Халықаралық практикалық семинар өтті

 

"Eurasia Crop Care" ЖШС Торайғыров университетімен бірлесіп ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді өсімдіктердің паразиттік нематодтарын анықтау әдістеріне оқытуды ұйымдастырды.
Бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу білім беру мен агробизнес жүйесін жақындастырудың, инновациялық әзірлемелерді Қазақстан даласында өндіріске жылжытудың басым бағыттарының бірі болып табылады.

Семинарды өткізу үшін фитонематод проблемасымен айналысатын жетекші сарапшылар шақырылды.

-Осындай жоғары білікті мамандармен өткен семинар "Eurasia Crop Care" компаниясымен ынтымақтастығымыздың арқасында мүмкін болды. Отандық агроөнеркәсіптік нарықта табысты жұмыс істейтін компания саланы нағыз кәсіпқойлармен толықтыруға мүдделі. Бұл біздің білім беру моделіміздің мәні — жастарды экономиканың нақты секторының өкілдерімен бірге оқыту, - деп атап өтті Еркін Садықов.

Оқыту барысында картопқа баса назар аудара отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарындағы паразиттік нематодтардың негізгі топтарының таралуының, биологиясының, зияндылығының жалпы мәселелері және олардың санын бақылау әдістері қарастырылды. 

"Вектор" вирусология орталығының ғалымдары өсімдіктердің паразиттік нематодтарымен күресу үшін  саңырауқұлақтарға негізделген биологиялық препаратты жасады. 

РҒА фитопаразитология зертханасының меңгерушісі, К.А. Тимирязев атындағы РМАУ – МАША өсімдіктерді қорғау кафедрасының доценті Михаил Приданников өсімдіктердің паразиттік нематодтарын топтарға жіктеудің жалпы принциптері, олардың морфологиясы мен биологиясы, нематодтардың паразиттенуінен туындаған өсімдіктердегі белгілер және олардың саны мен агроценоздардағы зияндылығын төмендетудің негізгі әдістері туралы айтты.