Торайғыров университетінде «Нашақорлық және заңсыз есірткі айналымымен күрес» тақырыбында дәріс өтті.  Спикер ретінде Павлодар қалалық мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Дидар  Байниязов қатысты.

 

-Есірткі заттары Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Бүгінгі кездесудің мақсаты – жастар арасында қылмыстық заң бұзушылықтардың алдын алу және заң бұзбайтын азамат болуға шақыру. Айта кетейік, 2024 жылдың өзінде сотта алаяқтық бойынша  12 материал қарастырылды, олардың 10-ы  - студенттердің қатысуымен. Есірткі заттары бойынша 4 адам жауапқа тартылды,  - дейді Дидар Байниязов.
 Спикердің айтуынша, 2023 жылы студенттерге қатысты қылмыстық істер бойынша заңсыз есірткі айналымы үшін 42  тұлға жауапқа тартылды. Ал жастар алаяқтықтың шырмауына телеграм арналар арқылы түсіп жатады. Олар жұмыс іздеу серверлері, нақтырақ айтқанда, мансаптық қызметтер арқылы жұмысқа шақырылады.