Дәстүр бойынша "Атамекен" ҚР кәсіпкерлер палатасы еліміздің жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингін жасайды.

 

Мәліметтерге сәйкес, 46 білім беру бағдарламасының 24-і дайындық бағыты бойынша үздік 30% кіреді. Оның ішінде 9 ББ  бірінші орынға ие болды, олар: "Орыс филологиясы", "Биология", "Экология", "География", "Машина жасау", "Көлік құрылысы", "Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)", "Орман шаруашылығы", "Әлеуметтік жұмыс" және "Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау". Екінші орында 5 ББ - "Қазақ филологиясы", "Биотехнология", "Сәулет", "Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру" және "Орман ресурстары және орман шаруашылығы".
Рейтинг қорытындысы бойынша ЖОО түлектерінің жалақысы айтарлықтай өскені байқалады, мысалы, "Органикалық заттардың химиялық технологиялары" білім беру бағдарламасының 2022 жылғы түлектерінің орташа жалақысы 334072 теңгені, ал 2023 жылы 405036 теңгені құрады. Сондай-ақ, университетті бітіргеннен кейін жұмыс іздеу мерзімі қысқарды, мысалы, "Мемлекеттік және жергілікті басқару" білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс іздеу мерзімі бір ай ғана. 
- "Атамекен" рейтингінің үздіктері қатарына кіру біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды растайды. Бүгін біз өз алдымызға ЖОО ұсынатын білім беру бағдарламаларын дуалды оқыту мен тәжірибеге бағдарлауды күшейту мақсатын қойып отырмыз. Сондықтан біз өңірдің ірі жұмыс берушілерімен тығыз байланыста кадрлар даярлау бойынша жұмыс істеуге тырысамыз. Тек осылай ғана нағыз білікті және мықты мамандар туады, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.
"Атамекен" палатасының рейтингі - оқу орындарын саралаудағы жаңа бағыт, оның мақсаты академиялық әлем мен еңбек нарығын кадрларды неғұрлым ұтымды даярлау үшін жақындастыру болып табылады.
ЖОО түлегінің мансаптық перспективалары, түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі, бітіргеннен кейін жұмыс іздеу ұзақтығы, еңбекақының орташа көрсеткіші, практик оқытушылар саны, шетелдік оқытушылар, оқу орнының аккредитациясы, жұмыс берушілердің сараптамалық бағасы және т.б. талданады.