Торайғыров университетінде гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенттеріне арналған "Тәрбие - тал бесіктен" тақырыбында ашық дәріс өтті. 
Спикер ретінде Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Медет Тауасқан сөз сөйледі.

 

 

 Дәрісте ҚР мәдениет саласын дамыту үшін болашақ мамандар меңгеруі тиіс құзыреттіліктер туралы айтылды. Айта кету керек, отбасындағы тәрбие мәселесіне баса назар аударылды, сонымен қатар әлеуметтік өзгерістердің отбасылық тәрбиеге әсері және мен баланы дұрыс тәрбиелемеу салдары туралы айтылды.
Сонымен қатар, студенттер өз шығармашылықтарымен бөлісті, Жур-101 тобының студенті Дәурен Бахытқажы  "Көшкен тау" өлеңін оқыды.