Торайғыров университетінің студенттері облыстық мамандандырылған балалар үйіне қаражат жинады.

Балалар қайырымдылыққа қаражат жинауда бастама көтерді. Балалар үйінің басшысының келісімі бойынша қажетті гигиена құралдары, киім-кешек, кеңсе тауарлары сатып алынды.

 

- Мейірімділік, жанашырлық және қол ұшын созуға дайын болу - бізді адам ететін басты қасиеттер. Торайғыров университетінде жақсы іс жасауға қабілетті, жанашыр, айналасына бей-жай қарамайтын балалар оқитынына өте қуаныштымын. Олар бастамашылық танытып,  мамандандырылған балалар үйіне қаражат жинап, ондағы ең кішкентай балаларға көмектесті, -деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

Облыстық мамандандырылған балалар үйінің белгілі бір ерекшелігі бар. Көбінесе бұл шала туылған нәрестелер, анамнезінде жатырішілік кезеңнің және босанудың қолайсыз жағдайы, жаңа туған кезеңнің ауруы, тұқым қуалаушылық аурулары бар балалар.

Бұл ToU студенттерінің бастамашылық танытып, балаларға көмектесу үшін қаражат жинауы бірінші рет емес.