Опера әншісі Шахимардан Әбілов   "Қазақстанның Халық әртісі" құрметті атағын алды.
Республика күніне орай Қазақстанның көрнекті қайраткерлері марапаттарға ие болды. Осы жылдан бастап "Парасат" және "Ел бірлігі" құрметті ордендеріне "Қазақстанның халық жазушысы" және "Қазақстанның халық әртісі" атақтары қосылды.

 

Опера әншісі, педагог, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Шахимардан Әбілов Павлодар облысы Шарбақты ауданы Арбиген ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияны бітірген.
Әншінің репертуарында бес жүзден астам туындылар – қазақ, шетелдік композиторлардың ариялары, романстары мен әндері бар. Ұлы ақын Абайдың 150 жылдығына орай Шахимардан Әбілов Мәскеуде, Лондонда, Парижде және Қазақстанда жеке концерттерімен өнер көрсетті. А.Жұбанов пен Л. Хамиди операларында, П Чайковскийдің "Евгений Онегин", Моцарттың "Колокольчик" және "Фигароның тойы", Г. Жұбанованың "Еңлік-Кебек" операларында ойнады. Англияда, Түркияда, Францияда, Иранда, Польшада, Монғолияда, Кореяда және ТМД елдерінде гастрольдік сапармен болды.
Айта кетейік, өткен жылы Шахимардан Әбілов Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовке арнаған Қазақстан тарихындағы алғашқы монооперамен таныстырып, биыл "Хакім Абай" фильм-монооперасын ұсынды.