Торайғыров университетінің комплаенс-қызметі"Qazaqstan Project Management Awards " - "Торайғыров университеті" КЕАҚ-да ISO 37001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестікке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі менеджмент жүйесін енгізу, әзірлеу және сертификаттау" жобасымен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жобалық басқару саласындағы үлесі мен жетістіктерін айқындау жөніндегі ұлттық конкурсқа қатысты. 
 

Конкурс Қазақстанда 2020 жылдан бастап өткізіліп келеді және жобалық командаларды қолдауға және олардың жобалық басқару саласындағы жетістіктерін бағалауға бағытталған. Ағымдағы жылы 180-ден астам өтінім беріліп, тек 30-ы финалға өтті.
Құзыретті қазылар алқасы жұмысының қорытындысы бойынша  Торайғыров университетінің жобасы "Үздік жоба" санатында құрметті бірінші орынға ие болып, оны іске асыруда тамаша нәтиже көрсетті.
Марапаттау жыл сайын Астана қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін Орталық Азиядағы IT саласындағы ең ірі іс-шара - Digital Bridge халықаралық форумының алаңында өтті.
Құттықтаймыз!