Торайғыр ауылында Торайғыров университетімен және Павлодар облысының жылқы өсірушілер қауымдастығымен бірлесіп "Қазақстанда және іргелес мемлекеттерде табын жылқы шаруашылығының жай-күйі мен дамуы" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция қатысушыларына Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов құттықтау сөз сөйлеп, қазақтар үшін орасан зор маңызы бар жылқы саласын дамытудың маңыздылығын атап өтті. 

 

– Бұл біздің халқымыздың генетикалық кодының бір бөлігі. Жылқыларды ұстау, баптау біздің қанымызда бар, - деді облыс әкімі.

Асайын Байханов облыста жылқы санының 250 мың басқа дейін өскенін атап өтті. Бұл ретте Баянауыл, Май аудандарында және Екібастұз ауылдық аймағында жылқы санының 50 пайыздан астамы шоғырланған. Сонымен қатар, өңір басшысы жылқы шаруашылығындағы бірлескен шешімді талап ететін  проблемаларды атап өтті. 

Конференцияның пленарлық отырысы алдында Қазақстанның Павлодар, Алматы, Ақтөбе, Ақмола және басқа облыстарының жылқы өсірушілері мен ғалымдарының бірлескен селекциялық жұмыстарының нәтижелері көрсетілген асыл тұқымды жылқылардың көрмесі өтті.

- Торайғыров университеті бірнеше жылдан бері Қазақстанның жылқы өсірушілер қауымдастығымен жемісті жұмыс істеп келеді. Жылқылармен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ғылым оларға саланы дамытуға көмектесетінін түсінеді, сондықтан біздің университет өкілдерімен үнемі байланыста болады. Егер біз өз жұмысымыздан барынша тиімділікке қол жеткізгіміз келсе, бизнестің ғылыми қоғамдастықпен ынтымақтастығы дәл осылай болуы тиіс,- деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

Конференцияға ҚР Мәжілісінің депутаты Нұржан Әшімбетов қатысты, ол табын жылқы шаруашылығын дамытудың проблемалық мәселелерін шешу әдістері туралы айтты.

Пленарлық отырыста Қазақстанның, сондай-ақ Қытайдың, Моңғолияның, Қырғызстанның және Ресейдің жетекші жылқы өсірушілері өздерінің ғылыми баяндамаларын ұсынды. Конференцияға ғалымдардан басқа ірі жылқы шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары мен мамандары, ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің оқытушылары, Торайғыров университетінің магистранттары қатысты.