Торайғыров университетінде Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ержан Тоқтархановтың дәрісі өтті.

 

Спикер кедендік және салықтық әкімшілендірудің өзекті мәселелерін, ең төменгі жалақыны арттырудың салық салуға әсерін, шағын кәсіпкерлік субъектілерін ірілендіруді, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруды түсіндірді.