Облыс студенттері үшін Торайғыров университетінің қабырғасында Kaspersky cyberday конференциясы өтті.
- Торайғыров университеті Каѕрегѕку Cyberday алаңына айналды. Оған 250 адам - студенттер, оқытушылар, IT-мамандар қатысты. Киберқорғау саласындағы ірі компаниялардың бірінің өкілдерімен диалог дәл осы сегментке арналды. Каѕрегѕку-да әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде бүгінде қазақстандық жастарды IT-технологиялардың қыр-сырына оқытумен айналысады. Білім беру сапасын дамыту тұрғысынан бұл пайдалы болуы және болашақта мультипликативті әсер етуі тиіс, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.
Іс-шара аясында IT-мамандарды даярлау саласындағы өзекті мәселелер қаралып, бизнес және өнеркәсіп саласындағы киберқорғау стратегиялары талқыланды. Қатысушыларға киберқауіпсіздік саласындағы мансаптық өсу перспективалары ұсынылды, сондай-ақ IT саласында жұмыс істеу үшін кәсіби дағдыларды дамыту бойынша кеңестер берілді. Аталған конференция қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында өтті.
Конференцияға білім беру ұйымдары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы сарапшылар қатысты.
- Павлодарда ақпараттық технологияларға белсенді қызығушылық танытатын талантты жастар өте көп. Сондықтан біз бүгін студенттермен киберқауіпсіздік туралы біліммен бөлісу үшін жиналдық. IT-технологиялардың бұл сегменті Қазақстан Президентінің 2025 жылға қарай Қазақстанда 100 мыңға жуық жоғары білікті ІТ мамандарды оқыту қажеттілігі туралы жақында сөйлеген сөзіне байланысты өзектілікке ие болды. Біз өз тарапымыздан студенттерді республиканың түрлі қалаларында оқытамыз. Бұл біздің қазақстандық қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігіміз, - деді «Касперский зертханасының» мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі менеджері Қайыржан Әбдірахманов.