Торайғыров университеті кәсіпкерлік бағдарламаларын және өз қызметкерлерінің осы бағдарламаларға қатысуын қолдайды.

"Тұлғалық даму және білім беру" кафедрасының қауымдастырылған профессоры Самал Антикеева және Computer Science факультетінің аға оқытушысы Галина Ткач АҚШ-тың ҚР-дағы бас консулы H. E. Michelle Yerkin қатысуымен Алматыдағы АҚШ Мемлекеттік департаментінің білім беру жобасы - әйелдер кәсіпкерлігі академиясының (AWE) бағдарламасының жалғасын ашуға қатысты.

Осы жылы іске қосылған AWE бағдарламасы бағдарламаның қазіргі түлектерімен жұмыс істеуге шоғырландырылады. Соңғы екі жылда 130-дан астам әйел бағдарлама аясында оқудан сәтті өтті, бұл бағыт оларға кәсіпкерлік бастамаларын одан әрі дамытуға көмектеседі.


Айта кетейік, біздің әріптестеріміз 2021 жылы бизнесті жүргізу негіздерін оқытуға 200 үміткердің арасынан іріктеуден өтті. Оқу соңында өзінің бизнес-жоспарларын таныстыра отырып, Самал Антикеева "Өз-өзімен кездесу" ішкі үйлесімділік студиясын ашуға грант алды. Awe алғаш рет Павлодар облысында іске асырылып, табысты нәтижелерге қол жеткізіп, Қазақстанның оңтүстік облыстарында іске асырылуын жалғастырды.