Торайғыров университетінде Экономика және құқық факультетінің студенттері ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының өкілдерімен кездесті.

Басқарма басшысы Гаухар Арынғазина, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы»РМҚК Павлодар облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Молотхан Омарова ЖОО түлектерін мемлекеттік қызметке жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері, мансаптық өсу перспективалары және басқа да мәселелер туралы айтып берді.

Бұл туралы толығырақ ақпаратты Экономика және құқық факультетінің деканатынан және университеттің мансап орталығынан білуге болады.