Торайғыров университетінің командасы Словакия, Австрия және Грециядан, сондай-ақ Орталық Азиядан (Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан) келген жоғары оқу орындарының еуропалық әріптестерімен ERASMUS+ "Орталық Азия түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау арқылы студенттердің инновациялық тәсілдері мен кәсіпкерлік дағдыларын ынталандыру-trigger" жобасы консорциумының үйлестіру кездесуіне қатысты. 

Кездесу консорциум мүшесі болып табылатын Наманган инженерлік-технологиялық институтының (Өзбекстан) базасында өтті.

Іс-шара барысында түлектерді жұмысқа орналастыруды қолдау саласындағы университеттердің мансап орталықтарының қызметін дамыту, студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамытудың тиімді бағдарламасын, пайдалану стратегиялары мен жобаның тұрақтылығын енгізу және жаңарту мәселелерін қозғайтын жобаның жұмыс пакеттерінің тұсаукесерлері ұсынылды.

Еуропа мен Орталық Азияның сыртқы сарапшылары trigger жобасын іске асыру мен ілгерілетуге оң баға берді.