Спорттық даму дирекциясы ToU-дың бірінші курс студенттері арасында футболдан турнир өткізді.

Үш күн ішінде бес факультеттің өкілдері жарысқа қатысты.
 

 

"Алтынды" экономика және құқық факультетінің командасы, "күмісті" - Computer Science факультеті, "қоланы" - инженерия факультеті иеленді. 

Сонымен қатар, "Үздік қақпашы" номинациясын Юр-106 тобының студенті Азамат Айтчанов алды. Үздік қорғаушы - Данияр Нұрмағамбетов, Фин - 102 тобының студенті, Үздік шабуылшы - Ибрагим Саманбетов, МТиР -102 тобының студенті.