Торайғыров университетінің студенттері Ақтау қаласында өткен XII жазғы универсиадасында таэквандо бойынша 5 медаль жеңіп алды. 

Ракони Бимырза 73 келіден артық салмақ дәрежесінде керуги категориясы бойынша чемпион атанды. Спортшы енді Қытайда өтетін Универсиадаға барады! Ол пумсе бөлімінде күміс және қола жүлдеге ие болды 

Мамбетов Асхат пумсе категориясында күміс және қола жүлдегер атанды. Жаттықтырушы - спорттық нысандар дирекциясының меңгерушісі Мұхтар Жүсіпов. 

- Торайғыров университетінің студенттері спорттық дайындықтарын көрсете алғанына қуаныштымын. Біз жастардың спортқа деген құлшынысын әрдайым қолдаймыз, ол үшін бар жағдай жасауға тырысамыз. Жастарымыздың жеңісі басқа студенттерді спортпен шұғылдануға ынталандырады деген ойдамын. Универсиада жүлдегерлеріне сәттілік тілеймін! - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.