Жақында қазақстандық және неміс университеттері мен ғылыми ұйымдардың қатысуымен Қазақстан мен Германияның жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығының келешегін талқылау бойынша семинар-тренинг өтті.

 

Іс-шараға ГФР Федералды білім және ғылыми зерттеулер министрлігінің өкілдері, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов, қазақстандық және неміс университеттерінің өкілдері, сондай-ақ ғылым және білім саласындағы сарапшылар қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады. Пікірталас тақырыптары екі елдің ғылыми ынтымақтастығының құралдары және зерттеу қызметі мен қоғам арасындағы байланыс болды.