Торайғыров университетінің ғалымдары «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» көрмесінің ашылуына орай өткен  "дөңгелек үстел" барысында филология ғылымдарының докторы, жоғары мектеп профессоры,  Халықаралық ғылым академиясының академигі Зәуреш Ахметжанованың өнегелі өмірін еске алды. 

 

- Ол әйгілі тұлға болды. Ғалым өмірін тілдерді оқуға арнап, ғылыми қызметін жетілдіруге тырысты. Зәуреш Қанашқызы сияқты ғалымдар кем де кем. Зор еңбегінің арқасында ол биік белестерді бағындырып, әріптестерінің арасында құрметке ие болды, - дейді Еркін Садықов.
Зәуреш Ахметжанова өз еңбектері арқылы тілдер туралы білімдерді дамытуға сүбелі үлес қосты. Ол лексикология, стилистика, әлеуметтік лингвистика, лингво-мәдениеттану және қазақ, орыс тілдерін оқыту әдістемесі бағыттарында білікті маман болды.
Шараға ғалымдар, тіл мамандары, филологтар, тілтанушылар қатысты.