Торайғыров университетінде республикалық пікірсайыс турнирі өтті. 
Алаңда еліміздің әр өңірінен 48 команда кездесті: Түркістан, Шымкент, Қарағанды, Теміртау, Орал, Семей және Солтүстік Қазақстан.

 

- Қазақстандағы пікірсайыс клубтары жастар арасында танымал болғанына қуаныштымын. Турнирге қатысушылар шешендік өнерде және аудиторияны сендіру қабілетінде жарысты. Дәл осы дағдылар бүгінде трендте. Өз ойларын дәлелдей отырып, анық және қолжетімді түрде түсіндіре алатын жастар әрқашан белсенділік танытады және оның мүдделерін қорғайтын қоғамның мүшесі болады және олар әрине, ашық еңбек нарығында қажет болады, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов. 

Жастар алаңында бірінші орын иегері Аянами  Торайғыров университетінің жоғары колледжінде оқу грантын жеңіп алды. 

Университеттің бас кубогы мен ректор грантын негізгі алаңда «Ел басы» командасы жеңіп алды. 

Үздік спикер болып Мағамет Жібекжан танылды.