Торайғыров университеті Халықаралық әйелдер күнін атап өтті.

 

- Біздің жоғары оқу орнымыз осы әйелдер қауымының арқасында елімізде үздік болып отыр. Олар университетімізді көрікті, жайлы әрі қолайлы етеді. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында біз ЖОО-ның дамуына сүбелі үлес қосқан азаматшаларға құрмет көрсеттік. Қымбатты әйелдер, сіздерсіз ToU мұндай ерекше болмас еді. Бұны біле жүріңіздер, - деді ректор Еркін Садықов. 

Жоғары оқу орнының ерлер қауымы қашан да шығармашылық қабілеттері, дарындылықтары мен креативті ойлауымен қуантып келеді. Биылғы жыл да назардан тыс қалған емес. 

Олардың концерттік бағдарламасы нәзік жандылар үшін ерекше, керемет сыйлық болды.