Атырауда «Сенің сәтің» Республикалық студенттік форумы басталды. Оған Қазақстанның 52 жоғары оқу орнынан 200 студент қатысты. 

 

Форумды өткізу алаңы   Досмұхамедов ат. Атырау университеті болды. Оның қабырғасында Ғылым және жоғары білім министрлігінің жанынан құрылған студенттер кеңесінің отырысы өтті. Бұл жұмыстың басты міндеті - қазақстандық жоғары оқу орындарында жүзеге асырылып жатқан жобаларды ұсыну және талқылау, әрі қарайғы іс-қимыл жоспарын әзірлеу үшін оқушы жастардың идеяларын тыңдау.   

Еліміздің батысында Торайғыров университетін бірден үш студент таныстырды. Бұл инженерия факультетінен Айша Хамзаева, жаратылыстану ғылымдары факультетінен Дәурен Шәріпов және ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінен Мейірхан Айтбайұлы.