Торайғыров университетінде Павлодар облыстық прокуратурасының «Жастар және заң» аймақтық жобасы шеңберінде психобелсенді заттарды пайдалануды алдын алу бойынша тренингтер циклы жалғасын табуда.





Бұл шаралар психобелсенді заттарды пайдалануды алдын алу, ауытқушылықтарды емдеу бағытына қызығушылық білдірген мамандарды кәсіби дамыту мен оқыту тәжірибесін жетілдіру бойынша біліммен бөлісуге септігін тигізеді. Жоба аясында үкіметтік емес ұйымдар мен серіктестермен тәжірибемен бөлісуге мүмкіндік ұсынылады.

Тренингті  «Еркін дүние» қоғамдық қорының өкілдері өткізді. Сонымен қатар, бұл іске Торайғыров университетінің жеке даму мен оқу кафедрасының сарапшылары мен психикалық денсаулық жөніндегі республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының мамандары қосылды.

Жоба шеңберінде психология мамандығының студенттері есірткі және алкогольдік тәуелділік бойынша білімдерін молайтып, бұл мәселе бойынша кәсіби дағдыларын дамыта алады. Тәжірибелік сабақтардың негізгі мазмұны жас адамдардың тәжірибелік білімдерін дамыту мен потенциалын ашуға бағытталған.