2022 жылғы 5-9 желтоқсан аралығында Торайғыров университеттің  Комплаенс-қызметі емтихан сессиясы кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу мәселелері бойынша жеті факультеттің студенттерімен митап-кездесулер өткізді. 

 

Комплаенс-қызметтің басшысы Жанна Матенова сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар кейстерді сипаттады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не оларға бейімділікке тап болған жағдайда комплаенс-қызметте студенттер мен ПОҚ үшін негізгі байланыс арналары белгіленген: 
сall-орталық 8 708 833 53 55 (WhatsApp, Telegram) 
@@compliance.to
Email: compliance_officer@tou.edu.kz
Ломов көшесі 64,  222-кабинет