3-4 желтоқсан аралығында Торайғыров университетінің «President» дебат клубы Семей қаласының Шәкәрім университетінің Конгресс дебат клубының ұйымдастыруымен өткен «Kongeres CUP VIII» дәстүрлі республикалық турниріне қатысты. 

Турнир барысында негізгі алаңның финалисті және үздік спикер номинациясын Ауылшаруашылық ғылымдар факультетінің студенті Жақсылық Бекхан жеңіп алды. Сонымен қатар, негізгі алаңнан бөлек жас пікірсайшыларға арнап жастар алаңы өткізілді. Жастар алаңының финалисті номинациясын Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенттері Әбіл Бекжан және Қасенова Арай жеңіп алды.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!