Бүгін Павлодар облысының Ішкі істер департаментінде полиция жұмысының сервистік моделін іске асыру аясында ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов және Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовпен кездесу өтті.
 

Марат Ахметжановтың пікірінше, полицияны клиентке бағдарлау үшін оның қызметін басқа критерийлер бойынша бағалау қажет. Бұл туралы ведомство басшысы Павлодар облысына сапары кезінде мәлімдеді.
- Бұрын олар қанша қылмыс жасалғанын, қанша іс ашылғанын және сотқа қанша іс жіберілгенін қарастыратын. Енді проблемалық-бағдарланған тәсілге баса назар аударамыз, ол – халықтың сенімі, – деді министр. - Егер көпшілік полиция қызметкерінен оған көмектесе алатын, қорғай алатын адамды көрсе, онда жоғары баға беріледі.
Министрдің пікірінше, жаңа тәсіл жеке құрамда салауатты бәсекелестік туғызады және полиция қызметкерлерінің жұмысын беделді етеді.
Кездесу аясында Торайғыров университеті мен ІІМ Қостанай академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
- Біздің ЖОО базасында патрульдік-бекеттік қызметтің учаскелік және жеке қызметкерлеріне қол ұшын созатын болады. Бұл жұмсақ дағдылар туралы – конфликтология, құқықтық талдау және тағы басқалар. ІІМ басшылығында да, аймақ басшылығында да оларсыз полицияның сервистік моделіне көшу мүмкін емес екенін түсінеді. Халықпен тығыз, адамға бағытталған жұмыс жасау - күрделі жүйе, тұтас ғылым. Ал Торайғыров университеті тәртіп сақшыларына адамдарға жақын көмектесуге дайын.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов экономика және құқық факультетінің 13 студентіне полицияға жұмысқа шақыруды тапсырды.