Торайғыров университетінің студенттері Болгарияның София қаласында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуда.



Болгарияға биотехнология, стандарттау, сертификаттау және метрология, автоматтандыру және басқару, металлургия, органикалық заттардың химиялық технологиясы бағыттары бойынша жеті студент барды. Олар: Аружан Насырова, Ларина Дугина, Аружан Қасымова, Әлихан Кәкен, Айдана Ертісбаева, Сәлім Аманкелді, Айсұлу Уздымбаева.
-Мен академиялық ұтқырлық бойынша оқитын Химия-технология және металлургия университеті өте үлкен және бірнеше блокқа бөлінеді. Мамандықтарға арналған көптеген зертханалар бар (мысалы, аналитикалық химия, физикалық химия, бейорганикалық химия және басқалары). Бұл әр химиктің арманы, - деп атап өтті 4 курс студенті Аружан Насырова.
Айта кетейік, Хтму Болгарияның үздік жоғары оқу орындарының рейтингінде және материалдар мен материалтану, металлургия, химиялық технология бағыттары бойынша бірінші орында тұр.