Торайғыров университетінде т. ғ. д., профессор Марат Кудериннің мерейтойы атап өтілді.

Павлодар индустриалды институтының түлегі Марат Кудерин кафедра ассистентінен ЖОО деканына дейінгі үлкен педагогикалық қызмет жолынан өтті.

ҚР Құрметті құрылысшысы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР жоғары оқу орнының екі мәрте үздік оқытушысы М. Кудерин  өндірістік және ғылыми қызметте айтарлықтай тәжірибеге ие ғалым. Ол 150-ден астам ғылыми еңбектерін жариялады, оның ішінде отандық және халықаралық ғылыми ортада кеңінен танылған монографиялар, оқу құралдары, ғылыми патенттер бар. 

Біздің мерейтойымыздың иесі тек ғалым ғана емес. Ол студент кезінде  самбодан КСРО спорт шебері болды, волейбол, футбол, шахмат ойнайды, музыканы жақсы көреді. 

Марат Қырықбайұлы жұмыс істеген жылдары өзін өз ісінің үлкен шебері ретінде көрсетті, әлі де жас зерттеушілермен тәжірибесімен бөлісіп келеді.