Торайғыров университетінде «Жастар және сайлау» тақырыбы бойынша екі күндік кездесу өтті. 


Жастар алдында ЖОО ректоры сөз алып, жастардың университтеттің ғана емес, қоғамның белсенді бөлігі екенін атап өтті. Жастар мен азаматтар үшін сайлау – саяси мүмкіндік пен азаматтық ұстанымды көрсетудің жолы. 
Пікірталас форумы әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығында өтті. Кездесуге саясаттану ғылымдарының кандидаты, профессор Ильдар Калиев модераторлық етті. 

 Шара барысында әлеуметтік ғылымдар магистрі Борис Поламарчук, магистрант Даурен Ғазиз, ҚХА кафедрасының меңгерушісі Арман Ақышев сөз сөйледі. Олар студенттердің ойын тыңдап, сайлауға қатысты сұрақтарға жауап берді. Мәселен, Борис Поламарчук студенттер сайлауға қатысты жиі қоятын сұрақтардың тізімін әзірледі. 

Даурен Ғазиз демократияның басты элементі ретіндегі сайлаудың рөлі туралы айтып берді. Басқа қалада дауыс беруге бола ма? Көзі нашар көретін адамға көмектесуге бола ма? Электронды түрде дауыс беруге бола ма? Жастар осы тектес сұрақтарын қойды. 
Пікірталастар студенттік үйлерде де өтті. 

- Жастар сайлаудың мән-маңызын түсінетінін көрсетті. Олар бұл саяси науқан Қазақстанның дамуына оң әсерін тигізетінін жақсы біледі. Жас буын өкілдері сайлау арқылы ел азаматтарының өмірін жақсартуға мүмкіндік беретініне сенеді, - дейді ToU ректоры Еркін Садықов.