Торайғыров университетінде оқытушылар үшін қазақ және ағылшын тілдерінің тегін курстары ұйымдастырылды. 

 

ToU профессорлық-оқытушылық құрамы үшін тілдерді оқыту 7 қарашадан басталды. ЖОО-ның 34 қызметкері қазақ тілін жақсартуға шешім қабылдады, тағы 116 адам ағылшын тілін үйренуде.

 Торайғыров университетінің талант-менеджмент орталығымен бірлесіп HR-қызметі оқытушылардың тілдік деңгейлерін жетілдіруді ұйымдастырды. Биылғы жылы кадрлар өздерінің әріптестері үшін төрт айлық ағылшын курстарын өткізді, олардың нәтижелері өздері күткеннен асып түсті.     

- Біз осы жылдың ақпан-маусым айлары аралығында оқытуды ұйымдастырдық, оған бірден 165 адам қатысты, - дейді HR-қызметінің басшысы Анар Жәкішева. - Нәтижесінде тыңдаушылардың 40% - дан астамы әртүрлі деңгейдегі сертификаттарға ие болды. Бұл өте жақсы көрсеткіш.   

Осыдан кейін ToU қызметкерлері арасында тегін тілдік курстарға сұраныс айтарлықтай өсті,- деп атап өтті қауымдастырылған профессор, п.ғ. к., Талант-менеджмент орталығының сарапшысы Жанарсын Қапенова. 
- Жаңа ағымға қатысуға бірден 150 адам өтініш берді, оның 34-і қазақ тілін жақсартуға шешім қабылдады, - деп атап өтті Жанарсын Жұматқызы.

Университетте келесі оқыту да өз жемісін береді деп үміттенеді. Сонымен қатар, университеттің HR қызметі өзіне нақты міндеттер қояды. Олардың болжамы бойынша, кем дегенде 20 білім алушы тілдік тест тапсырады, оның ішінде Қазтест, IELTS және TOEFL, ал 27 тыңдаушы магистратура мен докторантураға құжаттар тапсырады.

Тілдерден басқа, университеттің  оқытушылары өзге де дағдыларды жетілдіруде. Мысалы, жақында ToU-да "Анық! Нақты! Түсінікті!» курсы өтті. ToU қызметкерлері білім беру, анимациялық бейне мазмұнын құру негіздерін зерттеуге мүмкіндік алды.  Бұл бағдарлама интерактивті әдістерді қолдану бойынша практикалық дағдыларды игеруге және онлайн дәрістерді дайындау мен өткізуді қолдауға бағытталған. Сонымен қатар, жыл сайын алғаш рет жұмысқа орналастырылған қызметкерлер үшін "Онбординг" семинары және бизнес-жаттықтырушы Жанна Төлегенованың кадр резерві үшін коучинг-сессиялары өткізіледі.

HR-қызметте мұндай тренингтер мен курстарды тұрақты және өтеусіз негізде өткізуге уәде беріледі.