Торайғыров университетінде «Эразмус+ «TRIGGER» - Орталық Азияда түлектерді жұмыспен қамтуға жағдай жасау арқылы студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен инновациялық әдістерді ынталандыру» жобасы шеңберінде университет оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған кәсіпкерлікке оқытудың тиімді бағдарламалары аясында семинар өтті. 

Семинар барысында FBI (Австрия) Вена қолданбалы ғылымдар университетінде Орталық Азиядағы серістес-университеттердің оқытушылары үшін өткен қарқынды тренингтің материалдары таныстырылды. 
Торайғыров университеті атынан жоба орындаушылары – т.ғ.к. металлургия кафедрасының профессоры Алексей Богомолов, жоғары оқу орны комплаенс-қызметінің жетекшісі Жанна Матенова және шетел филологиясы кафедрасының меңгерушісі Ақмарал Қайырбаева Еуропадағы кәсіпкерлікті қолдау тәжірибесі, кәсіпкерлік білім беруді енгізу стратегиясы, кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастырудың тиімді әдістері, оқуда  SMART-стратегиялар туралы айтып берді. Семинар барысында EntreComp кәсіпкерлік құзыреттіліктер шеңбері таныстырылды. 
Семинар барысында саладағы маңызды сұрақтар мен мәселелер, атап айтқанда, университетте инновациялық және кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру жағы  талқыланды.