Торайғыров университетінде  «Ertis media» медиахолдингінің бас редакторлары және қызметкерлерімен кездесу өтті. 

Еске сала кетсек, павлодарлық журналистер «URKER-2022» үміткерлерінің қысқа тізіміне енді. Байқау 13 аталым бойынша өтті. Олардың қатарында әйгілі тұлғалардың құрметіне арналған үш арнайы жүлде болды. 

Павлодар облыстық «Saryarqa samaly» газеті «Үздік аймақтық БАҚ» аталымы бойынша жеңіске жетті. 

«Жылдың үздік фотосы» аталымына «Pavlodarnews.kz» ақпараттық агенттігінің бас редакторы Ольга Бугаева ұсынылды. «Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал» аталымы бойынша үміткерлердің қатарында «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің облыстағы меншікті тілшісі Мұрат Аяғанов болды. 

Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат кафедрасының студенттері БАҚ-та жұмыс істеу, кәсіби ерекшеліктер туралы сұрақтарын қойды.