Торайғыров университетінде Германия профессоры Антие Биатэ Фехнердің дәрісі өтті 


ДААД "ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі неміс тілді бағдарлама" бағдарламасы,  "Қазақ-неміс білім беру Индустрия 4.0" жобасы шеңберінде неміс ғалымы шетел филологиясы кафедрасының студенттері мен оқытушыларына дәріс оқыды. 

Айта кетейік, университет шетелдік профессорларды тұрақты шақырып отырады. Қазіргі уақытта Үндістан профессоры Дханкхар Кумар Сурендер және  Түркиядан келген әлеуметтік лингвистика және гендерлік саласының қауымдастырылған профессоры Гульнур Сонгуль Эркан кездесулер өткізіп жатыр.