Торайғыров университетінің студенттері мен өкілдері республика күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру рәсіміне қатысты. 

- Қымбатты жерлестер, баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке өміріміздегі жағымды өзгерістердің хабаршысы болсын, - деді Әбілқайыр Сқақов. 
Еске сала кетсек, 1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен  «Қазақ КСР мемлекеттік зайырлығы» туралы декларация қабылданды. Еліміз тәуелсіздігін алған соң, 2001 жылы бұл күн мемлекеттік мерекелер тізіміне енгізілді, ал кейін бұл санаттан алынып тасталды. 

Биыл Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы бойынша араға 13 жыл салып Республика күні ұлттық мерекелер тізіміне қайтарылды.