Достық үйінде «Тәуелсіздік ұрпақтары» облыстық сыйлығының лауреаттарын марапаттау өтті. 


Жеңімпаздарға облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов сертификаттар мен грамоталар табыстады. 
 - Сіздер әрдайым өздеріңізді дамытып, өзгелерге көмектесіп келесіздер. Бұл бойларыңыздағы көшбасшылық қасиеттердің барын дәлелдейді. Сондай-ақ, кез-келген жетістікке жету үшін еңбектену керектігін білесіздер, - деді облыс әкімі. 
- «Тәуелсіздік ұрпақтары» сыйлығының 10 аталымының үшеуін ToU өкілдері жеңіп алды. Дарынды жастардың облыстық деңгейде қолдауға ие болғаны қуантады. Бұл олардың дұрыс бағытта дамып жатқанын көрсетеді, - деді ЖОО ректоры Еркін Садықов.
«Жыл жетістігі» аталымы бойынша WorldSkills Competition-2022 байқауының жүлдегері Дина Афанасьева марапатталды. IT-факультеттің студенті Кореяда «Веб-технология» бойынша қола жүлдеге ие болды. 
«Білім және ғылым» аталымы бойынша марапатталғандардың қатарында Жапонияда өткен WorldSkills Competition-2022 жүлдегері Максим Подтихов та болды. Энергетика факультетінің студенті «Ақпараттық кабельді желілер» бағыты бойынша қатысты. 
Энергетика факультетінің студенті  Элвин Магаррамов «Қоғамдық жұмыс» аталымы бойынша лауреат атанды. Ол - әзербайжан қоғамдық бірлестігі жастар қанатының белсендісі.