Торайғыров университетінде ата-аналар жиналысы және ашық есік күні өтті. Торайғыров университеті ғылыми және шығармашылық жағынан жоғары әлеуеті бар талапкерлерге басымдық береді.
 

Кездесу шеңберінде Foundation факультетінің қызметкерлері ҰБТ-ның жаңа форматы, өту балдары, сонымен қатар, Торайғыров университетінің пәндік олимпиадасы туралы айтып берді. Оның қорытындысы бойынша TOU грантын ұтып алуға болады.