Торайғыров университетінің студенттері Түркияда тағылымдамадан өтуде. 
 

Туризм және Шетел филологиясы кафедраларының студенттері Caspian Academy-мен шарт шеңберінде шетелдік тағылымдамаға (практикаға) барып, алдын ала әңгімелесуден өтті.
- Мен 5 жұлдызды PGS kiriş Resorts (Кемер, Кириш) қонақ үйінде ресепшионист болып жұмыс істеймін және туристермен жұмыс істеуді, демалушылардың мәселелерін шешуді, брондау және қоныстандыру бағдарламасын меңгеруді, болашақта Қазақстанда жұмыс істеуде пайдаланатын туризм саласындағы жұмыстың көптеген қыр-сырын білдім, - деп атап өтті Дильнур Мұратбай, туризм мамандығының студенті.
Туризм мамандығының студенті Аяулым Абельдинова және аударма ісі мамандығының студенті Милена Мағзұмова Анталия маңындағы Гейнюк қалашығында Mirada del mar қонақ үйінде тағылымдамадан өтеді. Қыздардың айтуынша, бұл олардың болашақ мамандықтары үшін баға жетпес тәжірибе және шет тілінде сөйлейтіндермен сөйлесу арқылы тілдік дағдыларды арттыру мүмкіндігі.  
Caspian Academy-мен шарт аясында Торайғыров университеті студенттерді практикаға жіберуді жалғастыруды жоспарлап отыр. Тағылымдамалар туралы толық ақпарат алу үшін international Office-ке хабарласыңыз.