Торайғыров Университетінің биотехнология кафедрасының аға оқытушысы Ақмарал Мұхамеджанова Италиядағы Terra Madre Salon del gusto (Терра Мадре дәм салоны) халықаралық көрмесіне қатысты.


Ұйымдастырушы-Slow Food халықаралық қоғамдық ұйымы. 
Ақмарал Мұхамеджанова Үндістан, Бангладеш, Пәкістан, Ауғанстан, Иран, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан, Түрікменстан өкілдерімен кездесуде баяндама жасап, Биотехнология кафедрасында жүзеге асырылып жатқан жобалармен таныстырды.
Оңтүстік және Орталық Азия (SCAR), Еуропа елдерінің профессорларымен байланыс орнатылып, ынтымақтастық орнатылды. Гастрономиялық ғылымдар университетімен бірлескен академиялық қызмет жоспарлануда.