Бүгінде мұғалім қарапайым педагог емес. Заман ағымынан қалыспаған жас азаматтармен жұмыс істеп, жас ұрпақты терең түсіну керек. Мұғалім жас буын өкілдерімен жұмыс істеп, оқу материалын беруде креативті әдістерді қолданған жөн. Педагог білім берумен қатар, жастардың бойына өмірде қажетті дағдыларды сіңіре білу де қажет.

Баланың дарындылығын мұғалімнен басқа ешкім көре алмас. Кейде жақын дос, тіпті, ата-анаға да айналу керек. Сондықтан болар, біз де университеттегі немесе мектептегі мұғалімдерімізді ұмытпай, жиі еске аламыз.

 

Мұғалімдер күні қарсаңында тәлімгерлеріміздің барлығына алғыс айтқым келеді. Олардың білімі мен еңбегіне келер ұрпақтың болашағы да тікелей байланысты. Демек, мемлекеттің де болашағын педагог бағдарлайды. Сондықтан, ұстаз деген қадірлі мамандықты құрметтеуіміз қажет! Әріптестер, мереке құтты болсын! Сіздерсіз жарқын болашақ мүмкін емес екенін ұмытпаңыздар.