Торайғыров университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында шағын футболдан чемпионат аяқталды. 

 

 

Жарысқа 6 факультет қатысты. Турнирде инженерия факультетінің командасы жеңіске жетті. Университеттің кәсіби комитеті үздік ойыншыларды грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапаттады. Ербол Баяубаев «Үздік қақпашы» атағын жеңіп алды,Талгат Абылхасанов (екеуі де жаратылыстану ғылымдары факультетінің атынан) үздік қорғаушы, ал Сунгат Сагынтай (энергетика факультеті) үздік шабуылшы атанды. 

Кубоктың барлық жүлдегерлері мен қатысушыларын құттықтаймыз!