Торайғыров университетінің кітапханасында «Заманауи жағдайда оқу кітапханалары қызметінің басымдықтары» тақырыбында селекциялық отырыс өтті. Шараға ЖОО мен колледж кітапханаларының мамандары қатысты. 

Семинар «Ашық білім беру мен ғылым: қоғам, мемлекет пен бизнеспен серіктестік» атты педагогика қызметкерлерінің тамыз конференциясы шеңберінде өтті. 

Кездесу барысында қатысушылар оқу кітапханаларының даму мәселелерін талқылады. Студенттер мен оқытушыларға онлайн және оффлайн форматта қызмет ету тәжірибелерімен бөлісті. 

Диалогтың негізгі аспектілерінің бірі - мектеп кітапханаларын модернизациялау мен «болашақтың кітапханасын» қалыптастыру. 

Кездесу нәтижесінде қатысушылар заманауи кітапханаларды дамыту үшін толық автоматтандыруға көшуге мүмкіндік беретін жоба қажет деген пікір айтылды.