Нұр-Сұлтанда жоғары білім беру мен ғылымның алғашқы қазақстандық форумы басталды.

Екі күн ішінде отандық жоғары оқу орындарының өкілдері, ғалымдар, оқытушылар мен студенттер адами капиталды дамыту мәселелерін талқылайды. Республикалық съезд шеңберінде түрлі семинарлар, панельді және форсайт-сессиялар өтеді. Форумды Ғылым және жоғары білім беру министрі Саясат Нұрбек ашады. 
ToU өкілдері бірнеше шараға қатысады. Шаралардың қатарында «Қазақстан ғылымы мен жоғары білім беруі: түрлендіру тұстары» форт-сессиясы мен «Оқытудың кредиттік технологияларын жаңа жағдайда бағалау жүйесі», «Ғылыми өлшем мәліметтері негізінде стратегиялық шешімдерді қабылдау» және «Технологияларды коммерциаландырудың тәжірибелік мәселелері» атты сессиялар бар.