Торайғыров университетінің өкілдері «КазПромБезопасность ПВ» ЖШС цехінің ашылу рәсіміне қатысты.

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Олег Крук атап өткендей, кәсіпорынның өндірістік алаңы өңірлік индустриялық карта аясында іске қосылды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қызмет көрсетумен айналысатын компания жаңа деңгейге көшіп, жылу алмасу аппараттарын, металл конструкцияларын және ауаны салқындату аппараттарын шығаратын болады. Айтпақшы, жақында ToU-да «КазПромБезопасность ПВ» ЖШС-мен өзара іс-қимыл туралы уағдаласты.

- Торайғыров университеті үшін мұндай ынтымақтастық өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы терең зерттеулер мен оның өңірлік экономиканың дамуына әсерін талдау үшін мүмкіндік болады. Бизнес-қоғамдастықпен бірге біз қоғамымыз үшін тиімді және шын мәнінде пайдалы жобаларды жүзеге асыра алатынымызға сенімдімін,-деді университет ректоры Еркін Садықов.

Өндірістік алаңның ашылуы кезінде "Волгоград химиялық және мұнай аппараттану технологиясы ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ Бас директоры Магомед Эльжуркаев бүгінде Қазақстанда өндірістік және ғылыми - зерттеу қызметі үшін барлық жағдайлар бар екенін айтты. 

- Біз жоғары қысыммен жұмыс істейтін түтіктер мен аппараттарды өндіру мен жөндеуді іске қостық. Бұл жұмысты ғылыми-техникалық сүйемелдеудің негізі Торайғыров университетінің арқасында қаланды, - деді Магомед Эльжуркаев.

ЖОО айналыса алатын ғылыми сүйемелдеу кәсіпорынның одан әрі дамуына ықпал етеді, ал ынтымақтастық туралы екіжақты меморандум өңірлік экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.