Торайғыров университетінде конституциялық реформаларға арналған «Болашаққа  сеніммен» атты дөңгелек үстел өтті. 

​​​​​​​​​​​

​​​​​​​​​​​

​​​​​​​​​​​

​​​​​​​​​​​

Кездесуге студенттік актив өкілдері мен жастар ұйымдарының өзін-өзі басқару органдарының төрағалары қатысты. 
Негізгі Заңның 33 бабына өзгерту енгізілетіні белгілі. Олар қабылданса, құқық қорғау саласы бекіп, азаматтардың елдің саяси өміріне етене араласуына жол ашылады. 

Саяси реформалардың басты мақсаты – саяси бәсекелестіктің болуына жағдай жасап, халықты ел басқаруға тарту. Конституциялық механизмдерді нығайту азаматтардың құқықтарын қорғау саласын айтарлықтай өзгертті. 

Референдумға деген қызығушылық жастар арасында да байқалады.
Кездесу барысында жиналған қауым реформалардың маңыздылығы мен ел болашағы жайында сөз қозғап, пікірлерін ортаға салды.