Білім және ғылым министрлігі жыл сайын отандық үздік ЖОО мен аутсайдерлер рейтингін құрайды. Іріктеу критерийлері қарапайым: ЖОО түлектерінің мансаптық болашағы, білім беру бағдарламаларының сапасы мен студенттердің жетістіктері.

 

 

Қазақстан жоғары оқу орындарының жалпы рейтингі ішінде үздіктері: 

-  Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;

- Торайғыров Университеті;

- Қазақстан-неміс университеті 

Торайғыров университеті келесі бағыттар бойынша көшбасшы: 

«Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат ».  

ҚР БжҒМ мәліметінше, елімізде жұмыс берушілердің ЖОО білім беру бағдарламаларының сапасы мен өзектілігі бойынша қанағаттанарлық көрсеткіші айтарлықтай артты, соңғы жылдары динамика 28%-ды құрады. 

«Рейтинг бойынша білім беру бағдарламасының 86%-ы жұмыс берушімен келісілген, 88%-ын акредиттелген агенттіктер мақұлдаған.  

Жұмысқа орналасқан түлектер саны 12%-ға артты. Осылайша, 2021 жылы еңбекпен қамтудың орташа көрсеткіші 77%-ды құрады", - деп хабарлады министрлік. 

Сонымен қатар, БжҒМ академиялық мобильділік бойынша, оның ішінде шетелдік оқу орындарында қатысу тәжірибесін атап өтті. Білім беру жүйесін цифрландыру көрсеткіштері бойынша жақсару байқалды. ЖОО-лардың 90%-да электронды кітапханалар бар, 87%-да антиплагиат жүйесі енгізілді. 81%-да прокторинг жүйесі бар.