«Дос-Мұқасан» аллеясында жанды музыкамен GARAGE SALE шарасы өтті. 

 

 

Бұл оқушылар мен студенттерге арналған алаң. Жастар инстаграм-дүкендер мен кәсіпкерлікті дамытқысы келеді. 

Сауда-саттыққа үй тағамдары, қолдан жасалған әшекейлер, кәдесыйлар, автопортреттер мен өзге де заттар қойылды. 

- Бұл – шығармашыл азаматтармен танысу мен кәсіпкерлікті дамытуға арналған тамаша мүмкіндік. Мәселен, Назар панк-стильдегі заттарды қойды, - дейді Александра Красильникова. Ол портреттерді акварель, қарандаш пен гель қаламдарымен салды.
Назар Копеев Under.Lavka жобасын ұсынды. Кастомды киім-кешек пен былғарыдан жасалған аксессуарларды көрсетті. Болашақта бизнес авторы дизайнер болмақ. 

GARAGE SALE шарасына студенттер сатушы және сатып алушы кейпінде қатысты.